$ 494.87  520.65  4.91

Полиция балаларды төбелеске мәжбүрлеген елордалық азаматты тапты

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер балаларды ойын алаңында төбелесуге мәжбүрлеген Нұр-Сұлтан тұрғынын тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адам балаларды ойын алаңында күресуге мәжбүр еткен видео анықталды. Аталған факті бойынша 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында болған ер адам 8 жасар ұлы мен бұрын баласын ренжіткен 11 жасар баланы төбелеске шақырды. Төбелес нәтижесінде 11 жасар бала дене жарақатын алды. Зардап шеккен баланың анасынан полицияға шара қолдану туралы арыз түсті", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді.

Департамент ересектер тарапынан мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың құқықтарын бұзғаны және олардың денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары