Осыдан бірер күн бұрын Алматыдағы аулалардың бірінде орналасқан қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі табылған болатын. Шұғыл іздеу шараларын жүргізген полицейлер оның кім екенін анықтады деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Тәртіп сақшылары жасы 25-30 аралығындағы жас жігіттің туыстарын іздеп тапқан. Белгілі болғаны, ол Алматыға Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан келіпті. Оның отбасы, бала-шағасы болмаған.
Сот медициналық орталығы мамандары өлімнің нақты неден болғанын тек екі апта ішінде ғана анықтайтынын айтып отыр. Дегенмен, алдын ала болжам бойынша, марқұмды пышақтап өлтірген. Өлтірместен бұрын оны әбден ұрып-соққаны да белгілі. Оқиғаның өзі болса 6 қыркүйек күні орын алған. Ал, мәйітті контейнерден 7 қыркүйекте сол маңдағы бомждардың бірі тауып алыпты.
Полицейлер анықтағандай, қылмыс жалдамалы пәтерлердің бірінде орын алған. Күдіктінің кім екені де анықталып, қазір оған іздеу жарияланды.