Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті мен ҚР Жол ережесі жазда (маусым, шілде, тамыз) қысқы дөңгелектерді пайдалануға тыйым салады, – деп хабарлайды NEGE.
Қысқа арналған дөңгелекпен жазда жүру өте қауіпті. Бүртабан (шипы) дөңгелек асфальтта тайғанақтайды, жұмсақ «жабысқақтар» (липучка) күн ыстықта қауіпті болуы мүмкін, деп ескертеді kolesa.kz.
Әкімшілік кодекстің 590 бабы 5 б. мұндай ереже бұзушылық үшін 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салуды көздеп отыр. (Жыл ішінде жазда қысқы дөңгелекпен жүргені үшін екінші рет ұсталғандар – 20 АЕК айыппұл төлейді).