$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда ер азаматты бөлшектеп өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Күдікті екі ер азамат 25 жастағы жігітпен ерегісіп қалып, оны өлтірген. Қылмысын жасыру үшін олар мәйітті бөлшектеп, қоқыс контейнеріне тығып тастапты. Ал, өздері болса Байқоңыр қаласына қашып кеткені анықталып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге салайық, бөлшектелген адам денесін 7 қркүйек күні қоқыс контейнерінен тамақ іздеп жүрген бомждар тауып алған болатын. Шұғыл тергеу тобы мәйіттің 1991 жылы туған азамат Ситак екенін анықтады. Артынша, осынау жан түршігерлік қылмысты кімнің жасағаны белгілі болып, күдіктілерге іздеу жарияланған еді. Күні кеше полицейлер оларды Байқоңыр қаласында қолға түсірді.

Күдіктілердің бірі ШҚО-ның, екіншісі Павлодар қаласының тумалары, 1993 және 1994 жылы дүниеге келген. Марқұмды олар бұрыннан таныпты. Өзара түсініспеушіліктен кейін екеуі жабылып өлтіріп, сол күні-ақ шекара асып қашып кетуді жоспарлаған екен.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтарды Байқоңырдан Алматыға жеткізу шаралары жүзеге асып жатыр. Бұл іспен құрамы Алматы қалалық криминалды полиция бөлімі мен Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерінен тұратын шұғыл-тергеу тобы айналысуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін марқұм болған ер азаматтың отбасы жоқ екені хабарланған болатын. Алайда, достарының айтуынша, оның аяғы ауыр әйелі артынан қалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары