Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы ақпарат жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
20 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 569 адам коронавирус инфекциясынан (–20 339 + және 1230 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 6 358 науқас стационарда, 15 211 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 458 адамның жағдайы ауыр, • 91 науқастың жағдайы өте ауыр, • 54 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.