$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте улы шаян қаптап кетті

Осы айдың өзінде 39 адам шаян шақты деп дәрігерге шағымданған. Олардың 13 -і балалар.

Шымкентте шаяндар қаптап кетті. Қала тұрғындары шаяндардың тіпті үйдің ішіне кіріп алғанына шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Осы айдың өзінде 39 адам шаян шақты деп дәрігерге шағымданған. Олардың 13 -і балалар.

Тек соңғы екі аптаның ішінде ол өз үйінде бес қауіпті шаянды ұстаған. Олардың бірі екі жасар баланы тістеп алған.

Ал Жанат Жарменова соңғы аптада өз ауласынан екі улы өрмекшіні аулап үлгерді. Оның Жанаттың балалары көріп қалған.

ЖАНАТ ЖАРМЕНОВА, Шымкент қаласының тұрғыны:

“Балалар "Әже, тарақан, тарақан!" деп қашты. Бірақ жәндіктің тарақан емес, шаян екенін көріп таңқалдық. Күн ыстық болғандықтан, шаяндар қаптап кетті. Тіпті көршілерімнің де үйлерінде шаян бар екен”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жанат Жәрменова. 

Айдың басынан бері Шымкент қаласының токсикология бөліміне 39 адам жүгінген. Орташа ауырлықтағы төрт адам ауруханаға жатқызылды. 

“Удың тарауы шағып алған шаянның үлкендігіне және қай жеріңді шаққанына байланысты. Егер мойыннан, бастан шағып алса ауруханаға жатқызамыз. Егер аяқ-қолын шаққан болса, онда біз алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйге жібереміз.

Егер қатты ауырсыну болмаса, үйде емделуге болады. Жараны сумен шайшасыңза, удың таралуына көмектеседі. Ауырсынуды басатын дәрілер - ибупрофен, аспирин немесе ацетаминофен қабылдау қажет. Егер ауырсыну мен ісінуден басқа, құсу, сілекейдің ағуы немесе аузынан көбік ақса, жедел жәрдем шақырыңыз”, – дейді Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Минбосынов.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары