$ 448.89  477.93  4.76

Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

Ол үшін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.
Фото: Ак Жайык
Фото: Ак Жайык

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігері Ерлан Қиясов 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы  және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа құжатқа сәйкес, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі.

Ол үшін төмендегідей санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет:

педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
маска режимін сақтау;
рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту қажет.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:

- респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);

- QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;

- COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары