$ 445.66  474.58  4.78

Қапшағай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы нашақор болған

Қапшағай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шыңғыс Ормышев марихуана шегіп, есірткіні өз көлігінде сақтаған. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.

"Қапшағай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шыңғыс Ормышевтың жеке басын және жеке автокөлігін тексеру барысында жүргізуші орындығының астынан кептірілген марихуана табылды", - делінген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жеке басын тексеру барысында Шыңғыс Ормышевтың есірткіге мас болғаны анықталыпты. Мұны медициналық тексеру де анықтаған.

ҚР Мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексінде "мемқызметкер этикалық нормаларды сақтауы тиіс, қоғамға қарсы теріс әрекеттерге жол бермей, қоғамдық орындарда мас күйде болмауы керек" деп жазылған. Ал, Еңбек кодексінде жұмыс беруші тарап қызметкер жұмыс орнында мас күйде болған жағдайда онымен келісімшартты бұзуға құқы бар екені айтылады.

Осы нормаларға сүйенген Алматы облыстық Этика жөніндегі кеңес Шыңғыс Ормышевтің ісін қарап, бөлім басшысын қызметінен босату керек деп тапты. Бұл ұсыныс Қапшағай қалалық әкіміне жолданған. Шенеунік Этика және Еңбек кодекстерінің нормаларын өрескел бұзған дейді кеңес мүшелері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары