Шымкентте кешелі бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаладағы бірнеше көшені су шайып кетті. Табиғаттың тосын мінезінен жаяу жүргіншілердің де, көліктердің де жүруі қиындап қалған.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауын-шашынның салдарымен күресуге 7 су тасығыш көлік, 2 су сорғыш техника, жалпы түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталған 22 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, қалалық арнайы қызметтің 74 қызметкері жаңбыр суын айдау және бітеліп қалған сарқынды су жүйесін тазалау үшін жұмыс істеуде.