Қоғам 20.10.2021 сағат 01:36

Экология министрлігі Каспий теңізінің тартылып бара жатқанын мойындады

Министрлік мәліметінше, теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендеген және төмендеу жалғасып жатыр.
Экология министрлігі Каспий теңізінің тартылып бара жатқанын мойындады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінің тереңдігі төмендеп жатқанын жоққа шығармады. 

Министрлік мәліметінше, теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендеген және төмендеу жалғасып жатыр. Түбі көрінген қарт теңіздің видеосы туралы Lada.kz жазды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Каспийдің таязданып қалған видеосын бөлісуде. Кадрдан балықшылар қайығы тұрған суда теңіздің түбі көрінетінін байқауға болады.

Ведомство видео солтүстік-шығыс Каспий маңындағы ойпатта түсірілген деген болжам жасады.

«Бұл ауданда теңіз түбінің көлбеуі аз және тереңдігі төмен. 2005 жылы Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады. Және бұл процесс жалғаса береді. Каспийдің су деңгейі төмен солтүстік-шығыс бөлігі ең көп зардап шекті. Теңіз кері кетіп, орнында батпақ қалды. Видеода оның бір кезде Каспий теңізінің түбі болғаны көрінеді. Теңіз таязданып барады, бұл үлкен проблема», – деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар министрлік «Қазгидромет» теңіз бұдан да таязданатыны туралы болжам жасағанын атап өтті.

arasha.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар