$ 498.34  519.72  4.85

Өткен апта елімізде 6 адам ысқа уланып қайтыс болды

Өткен аптада елімізде газдан уланудың 13 оқиғасы тіркелген. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 14-і ауруханаға жеткізіліпті. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеп отыр.

"Жиі-жиі ескертулерге, алдын алу жұмыстарына қарамастан қарамастан, көмір түтінінен улану фактілері әліге дейін орын алып келеді. Тіпті, кісі өлімімен аяқталатын кездер де тіркеліп отыр. Бұл жайттар қыс енді басталып жатқанда тіркелуде", - дейді Р.Иманқұлов.

Оның айтуынша, пеш жағатын тұрғындар мұржаларын, пеш құбырларын жиі тазалап, бөлмелерді желдетіп отыруы керек. Өйткені, көмір газының не иісі, не түсі болмайды.

Қайғылы жағдайлардың бірі кешегі сенбіде Астанада орын алған болатын. Небәрі 2 шаршы метрдің өртенуі салдарынан 3 кішкентай бала түтіннен уланып қайтыс болды. Олардың үлкені, тоғызджа, кішісі 7 жасқа кеше ғана толған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары