Оқиға 30 қазан күні Исатай ауданының Аққыстау ауылында кешкі уақытта орын алған. Табиғи газбен жұмыс істейтін пеште ақау пайда болып, жеті адамнан тұратын бір отбасы түгел газға уланып қалыпты. Олардың үшеуі ересек болса, қалғандары 3 пен 10 жас аралығындағы балалар деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Абырой болғанда, дәрігерлер олардың өмірін аман алып қала алды.
Жалпы, өткен аптада еліміз бойынша табиғи газдан уланып 5 адам қайтыс болған. Тағы 10 тұрғын ауруханаға жеткізіліпті. Сондай-ақ, тоғыз адам көмірден бөлінген ыстан уланып қалған. Олардың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ.
26 қазан күні Ақтөбе облысының Ақжар ауылында газ плитасын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 1974 және 1976 жылы туған екі адам уланып қайтыс болды.
Сондай-ақ, Шымкентте де көгілдір отыннан уланған 44 жастағы ер азамат бақилық болса, 1973 жылғы әйел азамат ауруханадан бір-ақ шықты.