31.10.2016, 11:50

Бақытбек Есентаевқа сот үкімі 3 қараша күні шығады

Танымал продюсер және тележүргізуші Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевқа сот үкімі 3 қараша күні шығатын болды. Бүгін сотта тараптар тыңдалып болған соң судья осындай шешімге келгенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеп отыр.

Естеріңізге салайық, айыпталушы Есентаев 10 маусым күні өзінің әйелін Алматы іргесіндегі тас жолдың бойында соққыға жығып, бірнеше рет пышақтаған болатын. Оқиға көліктің ішінде орын алған. Баян Есентаева дереу ауруханаға жеткізілсе, оның күйеуін полицейлер дереу қамауға алды. Кейінірек белгілі болғаны, күдікті мұндай қадамға қызғаныштан барған.

Ал, бүгінде есін жиып, қайта шоу-бизнеске оралған Баян Есентаева соңғы сот отырыстарының бірінде күйеуін кешіргендігін айтып, соттан оның жазасын жеңілдетуін сұрады.