Маңғыстау облысында өгей қызын зорлап келген ер азамат қамауға алынды деп хабарлайды "Тумба" порталы.
Полицияға арызды жүкті болып қалған қыздың анасы жазған. Оның айтуынша, екінші күйеуі 13 жасар қызды бірнеше рет зорлаған. Сондықтан, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді арызданушы әйел.
Жолдасының азғын екенін қыздың анасы жүктіліктің алғашқы белгілері байқалғанда ғана біліпті. Жеткіншектің жүкті екенін кейін аудандық аурухананың дәрігерлері де растаған. Ал, зәбір көрген қыз болса қорыққаннан ешкімге тіс жармағанын айтып отыр. Өгей әкесі болған жайтты біреуге айтар болсаң отбасыңмен қырып саламын деп қорқытқан көрінеді.
"Қызының жүкті екенін және жолдасының азғын екенін білген әйел дереу полицияға арызданған. Күдікті ер азамат қазір қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - дейді тәртіп сақшылары.