30.11.2016, 03:52

Шымкенттегі үйлердің бірінен азаппен өлтірілген ер адамның мәйіті табылды

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен азаптап өлтірілген ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды TVK телеарнасы. Жәбірленуші бірнеше жерінен пышақталған.

Қанды оқиға 28 қараша күні орын алыпты. Кешкі сағат 21:30 шамасында полиция бөлімшесіне Байтұрсынов көшесіндегі үй тұрғындарынан шақырту келіп түскен. Тұрғындардың айтуынша, белгісіз екі адам подъезде төбелесіп, бірі екіншісін сойып салған екен.

Мәйіт үшінші қабаттағы пәтерлердің алдынан табылды.

"Сағат кешкі сегіз жарым шамасында біздің подъезде төбелес орын алды. Айқай-шу бүкіл үйдегі пәтерлерге естілді. Біз қорқып қалдық. Мұнан кейін жәбірленуші көмек сұрап айқайлай бастады. Оқиға тура менің есігімнің алдында болыпты. Есігімді аша алмадым. Қаттырақ итеріп ем - ашылды. Арғы жағында мәйіт жатыр, айнала қанға бөккен. Дереу полиция мен жедел жәрдемге хабар бердім", - дейді оқиғаға куә болған әйел.

Қазіргі таңда полиция адам өлтірген күдіктіні ұстап үлгеріпті. Дегенмен, төелестің не себепті болғаны, қайтыс болған адамның кім екені әлі айтылған жоқ.