$ 494.87  520.65  4.91

Бас прокуратура ғимаратында өзін өртеп жіберген әйел аса ауыр халде жатыр

Кеше түскі уақытта Астанадағы Бас прокуратура ғимаратында өзін өртеп жіберген 48 жастағы әйелдің жағдайы аса ауыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тілшілер бүгін таңертең жәбірленуші ем қабылдап жатқан елордадағы №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне хабарласқан. Дәрігерлер болса денесін күйік шалған әйелдің халі мүшкіл екенін, кешелі бері өзгеріссіз жатқанын айтыпты.

Естеріңізге салайық, оқиға кеше күндізгі сағат 12-ден асқан шақта орын алған. Бас прокуратураның бақылау-тексеру пунктіне келген үш әйелдің бірі алдымен сырт киімін шешіп, артынша денесіне от қойыпты. Прокуратура қызметкерлері оны құтқарып алу үшін дереу көмекке жұмылған. Алайда, жанып жатқан адамды дер кезінде өшіре алмаған көрінеді. Салдарынан оның денесінің басым бөлігі күйіп қалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің Рысманова М.Е., 1968 жылғы азамат екені анықталған. Ол 1988 жылғы Ахметов Е.Н. есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барды. Рысманова М.Е Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар.

2015 жылы 15 маусымда Шу аудандық соты Ахметовты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi - 3,5 грамм героин мен 285 грамм гашиш, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Ахметов сот үкіміне арыз берген, алайда жоғарғы инстанциядағы Жамбыл облыстық соты 2015 жылы 20 тамызда оның арызын өзгертусіз қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары