$ 443.37  474.49  4.83

Шымкентте 1,5 ай бұрын жоғалып кеткен жұмысшының мәйіті табылды

Мүрде қазан айының соңынан бері бұрынғы қорғасын зауытына қарасты цехтардың бірінде үйінді астында жатқан деп мәлімдеді KTK телеарнасы. Мәйітті тапқан жұрт бұл 40 жастағы жұмысшы Ізбасқан Ерқараевтың денесі деп отыр.

Қазан айының 25-і күні дәнекерлеуші Ізбасқан Ерқараев қорғасын зауыты аумағына жалданып жұмыс істеуге кеткен екен. Сол күні ескі ғимараттың бір қабырғасы құлап, дәнекерлеуші үйінді астында қалған. Туыстары неше мәрте полиция мен құтқарушылардан көмек сұрапты. Бір рет қана иттермен іздеп, үйінді бір төңкеріп көрген мамандар қиранды астында адам жоқ деп кетіп қалған. Бір жарым айдан бері іздеген 30-ға жуық жақындары бүгін төтенше жағдай қызметкерлерінің техникасын пайдаланып қайта қазғанда шіруге айналған мүрдені тапты. Енді туыстары «іздестіріп жатырмыз» дегендердің не іздегенін заң жолымен сұрамақшы.

Май Ерқараев, марқұмның ағасы:

- Бүгін қазылғанда шықты өлігі. Ол біздің бауырымыз Ерқараев Ізбасқан екені анықталды. Басқа ешкім емес. Бетінің бәрі ісіп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары