08.12.2016, 06:42

Астанада тау-кен өнеркәсібі саласындағы кәсіби мамандардың біліктілігін дамыту мәселесі талқыланды

«Тау-кен өнеркәсібі саласындағыкәсіби мамандардың біліктілігін дамыту мәселесі» тақырыбында мемлекеттік-жекеменшік диалогтың аумақтық платформасының сегізінші сессиясы өтті.

Аталған сессия аясында тау-кен саласындағы кәсіби дағдыларды дамытудың үрдістері мен өзекті мәселелері талқыланды. Осыған сәйкес Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Австралия және Ресей мемлекеттерінің әртүрлі сектор өкілдерімен бірге  инвестицияның жетіспеушілігіне қатысты кәсіби дағдылардың тапшылығын шешуге бағытталған мәселелер қаралды.

Конференция аясында «Тау-кен саласында кәсіби мамандарға сұраныс», «Тау-кен өнеркәсібі саласында кәсіби мамандардың біліктілігін дамытуға инвестиция тарту: жаhандық проблемалар мен жергілікті тиісті шаралар», «Тау-кен өнеркәсібі саласында прогрессивті білім беру саясаты», «Дуалды білім беру және ТжМБ мүмкіндіктері мен мақсаттары», «Тау кен өнеркәсібі саласындағы халықаралық ынтымақтастық: ортақ проблемалармен күресу мақсатында жан-жақты талқылау» панелді талқылаулар өтті.

Сонымен қатар, ЖОО-ғы тау-кен саласына, оның ішінде техникалық және кәсіби білім беру, (ТжМБ) адами ресурстарды дамыту бойынша баламалы әдістер қолданылатын болады. Қазақстан аталған салаларды реформалау бойынша негізгі қадамдарды қабылдады және дуалды білім беру бойынша ұлттық жүйені енгізуге байланысты жұмыстарды белсене атқарып жатыр. Сондай-ақ, диалогты платформа тағылымдамалық, халықаралық ынтымақтастық, ұлттық және аумақтық қарым-қатынас әлеуетін анықтауға бағытталған.