$ 443.37  474.49  4.83

Астанада «Smartcity» стандарттау тәжірибелік семинары өтті

2017 жылы Қазақстан астанасын әлемдегі 50 «ақылды» қаланың рейтингіне негізу бойынша мемлекет басшысы Нурсұлтан Назарбаев қойған мақсатқа жету үшін ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің (ҚР ИДМ ТРМК) шақыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астанаға Халықаралық Стандарттау Ұйымы (ISO) «Қоғамның тұрақты дамуы» 268 Техникалық комитетінің Төрағасы доктор Бернард Гиндроз келді.

«Мен Астана қаласының әлемдегі тұрақты және ақылды қалалардың қатарына енуіне мүмкіндік беретін Қазақстанның «тұрақты және ақылды» қалаларын дамыту бойынша стандарттарды әзірлеуге белсенді атсалысуын көріп отырмын», - деп атап өтті Бернард Гиндроз Астана қаласы әкімімен ҚР ИДМ ТРМК алаңында кездесу барысында.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қаралып жатқан «Смарт Астана» тұжырымдамасына заманауи әдістемелік стандарттар енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл «Ақылды қала» дамыған жобасының жүйелік тәжірибесін Қазақстанның басқа да Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал сияқты қалаларына енгізуде  үлгі болатынын айтты.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешевтің айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті халықаралық тәжірибеге сүйеніп қабылдаған тоғыз «ақылды» қалалар стандарты бар.  Осы және басқа да қабылдануы жоспарланған стандарттар біздің қалаларымызда үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, доктор Б.Гиндроз «Смарт Астана» тұжырымдамасы аясында ұлттық стандарттар жобасы мен Қазақстан-Француз топтарының Қазақстанда бірлескен «Smart city» жобасын дамыту мәселелері талқыланған  «Smartcity» стандарттау» семинарында модератор ретінде сөз сөйледі.  Сонымен қатар онда  ҚР ИДМ Технологиялық реттеу және метрология комитеті, Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларының әкімдіктері және ISO 268 «Қоғамның тұрақты дамуы» Техникалық комитетінің арасында тараптарға техникалық көмек көрсету мақсатында үш жақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары