$ 444.22  476.38  4.82

«Қазақстанда «Яндекс такси» сияқты жоба жасау тиімсіз» - Бағдат Мусин

Министрдің айтуыша, DIDI деген такси жобасының өзі бізге кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, біздің нарыққа кіріп, «Яндекске» төтеп бере алмады.
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Бұл сұрақты Ulysmedia.kz порталының тілшісі Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қойған. Шетелдік такси-қызметінен түсетін миллиондаған ақша шет елдерге кетіп жатыр. Ал отандық такси-қызметінің қосымшасын шығару соншалықты қиын ба?

    «ІТ өнімдерді жасау кезінде салық жағынан жеңілдіктер онсыз да бар. Астана-хабта компаниялар тіркелген кезде олар салықтан босатылады. Оны өздеріңіз де білесіздер. Яғни кез келген кәсіпкер сол жерге келіп, Яндекс-такси немесе Тугистің баламасын жасап, өздері өндіріп, соларды жасауға мүмкіндігіміз бар. Бізге жүгініп, гранттарды да алуға болады. Сондықтан, біз кәсіпкерлер үшін оны жасап шығармаймыз ғой. Біз мемлекеттік орган ретінде салық жағынан жеңілдік беруіміз керек. ІТ-мамандардың біліктілігін арттыруымыз керек. Жеке меншік ІТ-мектептерді ашуымыз керек», - деді Бағдат Мусин.

Министр қазіргі таңда шет елдерде жүрген Қазақстанның мамандарымен (Гуглда, Фейсбукте жұмыс істейтін) бірге чат құрған. Ол чатта министр ІТ саласының 300-ге тарта маманымен өзара пікір алмасып отырады екен.

    «Біз соларды не үшін тартып жатырмыз? Біз Қазақстанға осындай өнімдер керектігін, олардың бизнес-өнім жасау мүмкіндігі бар екенін көрсетуіміз керек. Ол үшін кәсіпкер, кәсіпкерлік орта керек. Себебі ІТ мамандар белгілі бір өнімді тек Қазақстан нарығы үшін жасамайды. Өйткені Қазақстан үшін «Яндекс такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды. Жер шарында танымал жоба болуы керек. Өзіңіз білесіз, DIDI деген такси жобасы бізге кірейін деді. Алайда олар кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, біздің нарыққа кіріп, «Яндекске» төтеп бере алмады. Ол миллиардтаған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды ғой. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар дүниежүзі бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздестіреді. Жасанды интеллект, карталар  бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары