07.10.2022, 10:20

Алматылықтарды 50 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Күдікті салынған ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, түрлі бизнес жобаларына инвесторларды тартып отырған.

Полицейлер Алматы тұрғындарын 50 миллион теңгеге алдады деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Тengrinews.kz

1996 жылы туған А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті салынған ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, түрлі бизнес жобаларына инвесторларды тартып отырған. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 50 миллион теңге.

"Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды. 2019 жылдан бері азамат бизнеске ақша саламын деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр, кейбірі әлі полицияға арызданбаған", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.