Жаңадан құрылған Абай облысының логотипі таңдалған болатын. Бірақ бұл логотип көпшіліктің көңілінен шықпай, әлеуметтік желіде талқыға түсті. «Латынға көшуге асықпайық» деген Президенттің сөзін ешкім елеген жоқ, ал нәтижесі осы. Бұл туралы белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырды.
«Латынға көшуге асықпайық» деген Президенттің сөзін ешкім бір жеріне де қыстырған жоқ... Нәтижесі осы... әркім білген б@ғын жеп жүр... Бір мемлекетте екі харіп, екі тіл болған соң-ақ ішкі саясатыңның, идеологияңның нөл екенін білуге болады...»,- делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Абай облысының әкімдігі облыстың үздік логотипіне байқау жариялаған болатын. Жүлдеге 1 млн теңге тігілген. Жуырда комиссия конкурстың қорытындысын шығарды.
Жаңадан кұрылған Абай облысының бұл логотипін, кұрамында шенеуніктер, депутаттар, коғам қайраткерлері бар 9 адамнан тұратын комиссия мақұлдаған.