12.12.2022, 10:40

«Жігіттер өмірлік жар емес, «домработница» іздейді» - 20 жастағы жалғызбасты ана

Фото: caravan.kz
Асылзат әлі оң-солын танып үлгермеген жас қыздарды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды.

20 жастағы жалғызбасты ана Асылзат Дәуренбекова күйеуімен ажырасуына енесін кінәлайды. Арада бала болғанына қарамастан жас жұбайлар ажырасып кеткен.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Instagram-дағы "Aqtobe zharnama" парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жігіттер өзіне өмірлік жар емес, ата-анасына қарайтын “домработница” іздейді. "Ата-анам қарайтын қыз керек, үйде отырып, тамағымды істейтін қыз керек" дейді. Менің ойымша олай емес. Әйелдікке алғаннан кейін бірге жетістікке жететіндей бір-біріне мотивация беріп, "сенің қолыңнан келеді" деп бір-біріне қолдау көрсететін адам деп білемін", - деді Асылзат Дәуренбекова.

Асылзат әлі оң-солын танып үлгермеген жас қыздарды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды. Ол басқа қыздардың да дәл осындай қателікке жол бермеуін, жас келіншектерге бала босанғаннан кейінгі күйзеліс кезінде психолог көмегіне жүгінуін дұрыс деп санайды.