$ 494.87  520.65  4.91

Беташарда табаққа 2 млн теңге салған екі күйеу бала жұртты өзіне қаратты

Беташарға келген күйеу балалар шымкенттік белгілі кәсіпкерлер екен.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Беташар рәсімінде ортадағы табаққа 2 миллион теңге салған әулеттің екі күйеу баласы жұртты өзіне қаратты. Олардың әрқайсысы келіннің сәлеміне 1 миллион теңгені санап берді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бұл сәттің видеосы беташарды басқарған асаба ТікТок парақшасында жариялады. Оның айтуынша, беташарға келген күйеу балалар шымкенттік белгілі кәсіпкерлер екен.

Бейнежазба көрген желі қолданушылары қайын інінің қуанышын ортақтасып келген ер кісілердің мәрттігіне риза болды.

"Жездесі емес, әпкесі мықты болып тұр ғой", "Аллаға сансыз шүкіршілік болсын", "Тойда шашылмағанда қайда шашылады?", "Жақсы жезде әкеңдей", "Берсе, демек өткізгені бар шығар...", "Жарайсыңдар", "Жезденің орны қашан да бөлек", "Бар болса, шашылғаны дұрыс", "Бақытты болыңдар" деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#беташар