$ 489.06  536.21  5.05

Әлем чемпионатында Аргентина үшін қолын жайып, дұға еткен бала желіні жарды

Мектеп жасындағы бала Аргентина командасының футболкасын киіп алған.

Футболдан әлем чемпионатындағы шешуші сәтте сүйікті командасы Аргентина үшін жанкүйер болған бала желіні жарды. Мектеп оқушысы алақанын жайып, дұға етеді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бұл сәттің видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады. Бейнежазбадан қоғамдық тамақтану орнында Аргентина мен Франция арасындағы матчты тамашалап отырған бір топ футболсүйер қауымды көруге болады. Олардың барлығы да Аргентина үшін жанкүйер болып отыр.

Мектеп жасындағы бала Аргентина командасының футболкасын киіп алған. Матчтың шешуші сәтінде ол алақанын жайып, сүйікті футболшылары үшін дұға етеді. Дәл осы кезде ол жанкүйер болған команда жеңіске жетеді.

Видеоны көрген желі қолданушылары кішкентай баланың дұғасы қабыл болғанын алға тартты. Енді бірі өздері де матч кезінде Аргентинаға жанкүйер болғанын айтқан.

"Жаным, дұға тілеген түрінен", "Аргентина осы баланың дұға-тілегінің арқасында жеңіске жетіп отыр ғой", "Біз де кеше ұлымыз екеуміз дұғамызды айттық", "Месси бұл жігіттің видоеосын көрсе, үйіне шақыруы керек", "Менің де ұлым тізерлеп отырып Месси үшін тілек тіледі", "Жаным-ау, біздің ұл да фатиха сүресін оқып, есті шығарды", "Қазақстанның барлық жастары Мессиге жанкүйер болған сияқты" деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аргентина