Елордалық учаскелік инспекторға қарт ана жүгінді. Ол 34 жастағы ұлының үйіне мас күйінде келіп, былапыт сөйлеп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтынын, осылайша психологиялық зорлық-зомбылық көрсететінін мәлімдеген деп хабарлады turkystan.kz
Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір жыл мерзімге мінез-құлқына ерекше талап қойылған адам ретінде есепте тұрған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды», – делінген хабарламада.