Пәкістанның Кветта қаласында көп әйел алған ер адамның 60-шы баласы дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror-ға сілтеме жасап.
50 жастағы дәрігер Сардар Джан Мұхаммед Хан Хилджидің үш әйелі және 60 ұрпағы бар. Ер адамның алғаш рет қашан әке болғаны белгісіз. Отбасындағы соңғы балаға Хаджи Хушхал Хан деген есім берді.
Хилджидің айтуынша, азық-түлік бағасының үнемі өсуіне байланысты мұндай үлкен отбасын асырау қиынға соғады.
"Ұн, еріген сары май және қантты қоса алғанда, барлық негізгі өнімдердің бағасы үш есе өсті", — деп шағымданды ол.
Қиындықтарға қарамастан, пәкістандық ұрпағын одан әрі жалғастыруды ойлап отыр. Достарынан төртінші әйел табуға көмектесуін сұрап жүрген көрінеді.