$ 486.44  534.31  5.06

«Автобуспен жүрсін»: Министр Астана тұрғындарын қоғамдық көлікке көшірмек

32 жастағы министрдің бұл айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Фото: Зүлфия Сүлейменова / parlam.kz
Фото: Зүлфия Сүлейменова / parlam.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елордадағы ауаның ластануымен күресу үшін халықты жаппай қоғамдық көлікке отырғызбақ, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы министр Астанадағы халықаралық мектеп оқушыларымен кездесуінде айтты. Онда Зүлфия Сүлейменова ауа сапасын жақсарту үшін автопарктерді жаңарту қажеттігін және тұрғындардың қоғамдық көлікке көшу керектігін атап өтті.

"Автопаркті жаңартып, қоғамдық көлікке көшу керек. Өйткені қоғамдық көлік экологиялық таза. Мен өз басым автобуста жүргенді жақсы көремін. Мүмкіндік бола қалса, баратын жеріме қоғамдық көлікпен барамын. Мен Жапониядан елге келгенде, маған такси туралы айтты. Сол кезде мен ондай қызметтің бар екенін де білмеппін. Өйткені Жапонияда такси құны өте қымбат. Жұрттың барлығы метро, қоғамдық көліктермен қатынайды. Біз де солай істеуіміз керек", — деді Зүлфия Сүлейменова.

32 жастағы министрдің бұл айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі оны Жапониямен Қазақстанды салыстырма десе, енді бірі қақаған аязда автобус күтіп көр деп түрлі пікір жазған.

"Біздіңше бұл министрдің тілі мен миы арасындағы байланыс нашар көрінді. Жылдық орташа температурасы 15 градус жылылық көрсететін Токио мен Астананы есі дұрыстау адам салыстыра ма?", "Айналайын-ау, Еуропада дұрыс қыс болмайды. Автобусы жарты минут та кешікпейді. Мың тармақты метросы "барам" деген үйіңе апарады ғой", "Қаладағы автобустың мәселесін шеше алмай жатып ауаның ластануын шешем дегені қай сасқаны мына қасқаның? Қазақстанда Астананың ауасынан басқа экологиялық мәселе қалмады ма не?", "Осындай реалдан алыс жүрген, Жапониядан кеше келген тұштақай біреулерді министр ғып әкеледі. Ол болса Астананы бір күнде Токио қылғысы келіп тыраштанады", — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары