31.01.2023, 21:30

Қарағандыда жүкті әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға сот үкімі шықты

Фото: tengrinews.kz
Судья сонымен қатар оның алдыңғы шартты түрде босап шыққан мерзімін қайта өтеуге үкім етті

Қарағандыда жүкті әйелін ұрып-соғып, досымен жыныстық қатынасқа түсіруге мәжбүрлеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады.

«Қарағандыда судья Гүлнәр Дегенова әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен Төлеген Тамабековке үкім кесті. Ол осы қылмысы үшін 1,5 жыл және алдыңғы қылмысы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан 1 жыл 4 ай мерзімін қайта өтейтін болды», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Бұған дейін Қарағандыда әйелін ұрып-соққан және өзге ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен азаматқа қатысты ақпарат жазғамыз.

Әйеліне аса айуандық танытқан қарағандылық жігіт небәрі 1,5 жылға сотталды.