Теміртаудағы балабақшада медбике мен тәрбиешінің көмекшісі арасында төбелес шықты. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы тарап кетті. Жағдайға қалалық білім бөлімі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда екі әйел алдымен балалардың көзінше қатты ұрысып қалады, кейін төбелесе бастайды. Қызметкердің біреуі ақ халатты. Видеоның сипаттамасында бұл күтушіге бірінші болып шабуыл жасаған балабақша медбикесі екені айтылған.
"Әдемі" балабақшасы" 30 қаңтарда төтенше жағдай болды. Медбике тәрбиешінің көмекшісіне шабуыл жасап, жанжал туындады. Олар балалардың көзінше бейәдеп сөздер айтып, төбелеседі. Үйге келген соң балалар болған оқиғаны айтып берді. Олар медицина қызметкерінен келіп ұрып жібереді ме деп қорқады, бұл олардың психикасына әсер етті", – делінген хабарламада.
Балалардың ата-аналары жағдайды анықтап, медицина қызметкерін жұмыстан шығаруды талап етті.
"Қазір ол сырқаттанып жатыр. Балаларымыз үшін қорқамыз. Қашан жұмысқа шығады деп қорқып отырамыз. 31 қаңтарда ата-аналардан медбикенің үстінен арыз түсті. Ақыр соңында ол сырқаттанып қалды және ештеңе істей алмай отыр", – дейді хабарламаның авторлары.
Видеоға Теміртау қаласының білім бөлімі түсініктеме берді.
"Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. "Әдемі" балабақшасының әкімшілігі Теміртау қалалық полициясының Шығыс бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы арызбен жүгінді. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынды", – деді департаментте.