Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалаларда мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: - Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар. - Термос, қол шамы, пауэрбанк. - Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер). - Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар. Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады: Заңды тұлғалар үшін: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ БСН 120940015916 БИК: HSBKKZKX Р/С: KZ23601A871001005521 Жеке тұлғалар үшін: Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.