Луандалық 12 жасар Аугусто өзінің әкесі маймыл екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
TCH жазуынша, бұл ақпаратты оған анасы айтқан. Анасы Камеи ұлттық саябағында қоршаған ортаны қорғау офицері болып жұмыс істеген. Жұмыс орнында ол ұзақ жыл бойы еркек шимпанземен жыныстық байланыс жасаған.
Бұл оқиға жергілікті газеттерде жарияланғаннан кейін Аугусто танымал бола бастады. Таңғаларлық жаңалықты естігендер оның үйіне келіп, тіпті келген адамның қарасы көптігінен кезекпен кірген.
Ангола Президенті де бұл жаңалықты назардан тыс қалдырмады. Ол баланы «Анголаның ғажайып баласы» және «Құдайдың белгісі» деп атады.
Адам баласының жануармен байланыста туғаны туралы ақпарат алғаш рет айтылған соң, бүгінгі таңда сарапшылар Аугустоның генетикалық кодын мұқият зерттеу үстінде.