$ 481.84  531.33  5.07

Алматы облысында оқушы қыз 53 жастағы көршісінен жүкті болып қалған

Қайта-қайта шақырып жүріп етегін түруге дейін жеткен.
фото: qazaquni.kz
фото: qazaquni.kz

Алматы облысы Междуреченское ауылында 15 жастағы қызға 53 жастағы көршісі жыныстық зорлық жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қыздың анасының сөзінше, болашақ немересінің әкесі бір көшенің бойында тұратын көршісі. Қызды көршісі үйіне шақырып алып, үй шаруасын жасататын көрінеді. Қайта-қайта шақырып жүріп етегін түруге дейін жеткен.

«Мен бұлай боларын білген жоқпын. Әйтпесе қызымды жібермейтін едім ол үйге. Ол үйдің малы көп. Мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы уақытта малдарын шетінен сатып жатқанын байқадым», — дейді жасөспірімнің анасы.

Күтпеген жерден 53 жастағы көршісінің қайынатасына айналған қыздың әкесі ер адамның әрекетіне айтарға сөз таппай, тіпті пышақ ала жүгірген тәрізді, әйелі әрең тоқтатқан.

«Маған қайта-қайта мотор алып бергісі келетінін айтты. Өз ағайын-туысқаным олай айтпайды. Көршімнің осылай дегеніне таң қалып едім. Артында мынадай арам пиғылының барын кім білген», — дейді әкесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #оқушы