Қарағандыда үнемі тұрғындардың мазасын алып, қайыр сұрайтын келіншекке зейнеткер әже жеті мың теңге беріп, бейтаныс азаматтың арқасында ақшасын кері қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Патриот телеграмм каналына сілтеме жасап.
Оқиғаны көше бойындағы көлік жүргізушісі өз телефонына видеоға түсіріп алған. Онда орта жастағы әйел қарт әжейді әңгіме тартып, сөмкесінен әмиянынан шығарқызып, ақшасын алады. Мұны көріп тұрған бейнежазба авторы бірден көлігінен шығып, екеуінің артынан қуып жетеді.
Кадрларда ер адам жас әйелден зейнеткерге ақшаны кері қайтаруды талап етті.
«Қайтар апаның жеті мың теңгесін, сен неге апаны тонап жатсың? Неге аласың ападан?», - деп жұргізуші әжейдің ақшасын кері қайтартқызды.
Сондай-ақ, ол егде жастағы әжеге бейтаныс адамдарға ақша бермеу керектігін айтты.