$ 445.66  474.58  4.78

Павлодарда мұз астынан ер адам өлі табылды

Шақыру орнына келгеннен кейін ер адамның денесі табылды.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Ертіс мұзынан, Павлодар - Ленинский тасжолындағы көпір астынан белгісіз ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 22:23-те 112 пультіне хабарланған.

"20 наурызда Павлодар-Ленинский көпірі астынан мәйіт табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Құтқарушылардың айтуынша, белгісіз ер адам өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары