$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолада қонаққа барған адам етке қақалып көз жұмды

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған.
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында ер адам тамақтану кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сандықтау АПБ полиция бөлімінің тергеушілері 55 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болу жағдайларын анықтап жатыр.

Ағымдағы жылдың 22 наурызында Сандықтау аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Астана қаласының тұрғынының қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеу кезінде тұншығып қалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған. Ер адам елді мекенде қонақта болғаны белгілі болды. Астаналықтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық зерттеу барысында анықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары