$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде бүкіл бір отбасын пышақтап кетті

Бес жерінен жарақат алған оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен қандықол күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын өлтіріп, 13 жастағы қызды ауыр жаралаған. Бес жерінен жарақат алған оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ауыр қылмысқа барған күдіктінің кім екені белгісіз. Тіпті мұндай қылмысқа не үшін барғаны да белгісіз. Қазір тәртіп сақшылары тайлы-тұяғымен бір отбасын қырып тастаған қаныпезерді іздестіріп жатыр. Марқұм келіншек осыдан бес-алты жыл бұрын күйеуінен ажырасып кеткен. Күні кеше сол күйеуі өз үйінде асылып өліпті. Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады. Онымен қоса келіншектің қайын ағасын тергеуге алып кеткен.

"Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлген белгілері бар мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақталған, ол балалар ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды",– дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қансыраған оқушы қызды дәрігерлер аман алып қалды. Оны қылмыскер бауыздамақ болған көрінеді. Дәрігерлер оның бес жерден пышақталғанын айтып отыр.

"Мойны кесілген. Ота жасалды. Қазір жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр", – дедіАқтөбе облысы балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Марқұм келіншектің қайын ағасы тергеуге алынып жатқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеп жатыр. Кімнің осыншама қатыгездікке барғаны әзірге белгісіз. Полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен іс қозғаған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары