Көкшетауда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
"5 сәуір сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.", - делінген хабарламада.