Желіде жүргізушісі жоқ автобустың жаяу жүргінші жолағынан өткелі тұрған адамдарды қағып кеткен сәттің видеосы тарады.
Видеоны Otyrar телеарнасы Telegram-дағы каналында жариялады.
Кадрдан алты адамның бағдаршамда жолды кесіп өтуге дайындалып жатқаны, автобустың бар жылдамдықпен келіп адамдарды басып кеткені көрсетілген.
Еске салайық, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен.