13.04.2023, 16:40

Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап қаза болды

Фото: inform.kz
Оқиға орнына келген дәрігерлер бала қайтыс болғанын анықтаған.

Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға Павлодар қаласы, Толстой 68 көшесінде орналасқан үйде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Жарияланған кадрларда жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері көрінеді.

"Қоңырау сағат 18:32-де түсті. Біз оқиға орнына 3 минутта жеттік. Шақырту себебі - үш жасар баланың 9-қабаттан құлауы", - делінген жедел жәрдем станциясы хабарламасында.

Оқиға орнына келген дәрігерлер бала қайтыс болғанын анықтаған.