15.05.2023, 10:20

Қызылордада 8-сынып оқушысы суға кетіп қалды

Фото: pixabay
Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы - бала.

Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысы өлі табылды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл оқиға 14 мамырда болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, жедел құтқару жасағының өкілдері хабарлама бойынша Сырдария өзенінен марқұмның денесін тапты.

"Мән-жайды тексеру барысында 8-сынып оқушысының белгіленбеген жерде суға түскені анықталды", - деді басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.

Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы - бала.

Тегтер: суға бату