Астанада көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тиді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бірнеше адам аялдамада отырған. Бір сәтте адамдардың арқа тұсынан көлік дөңгелегі келіп соғады. Қыз соққы алып, жерге құлайды.
"Тексеру барысында Абылай хан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында жеңіл көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тигені анықталды. 18 жастағы қызға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бұл мәселе бойынша полицияға шағымдар келіп түскен жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді полиция қызметкері.