$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Оқушының неліктен өзін өлімге қиғаны әзірге белгісіз.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қостанай облысы Обаған ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы өзіне қол салды, деп хабарлады Астана арнасы.

Марқұмның асылып тұрған денесін әкесі көрген. Көз жұмған қаршадай қыз жалпы білім беретін мектепте оқыған. Сыныпта небәрі төрт оқушы болған көрінеді. Білім бөлімінің өкілдері жасөспірімдер арасында ешқандай кикілжің болмағанын айтуда.

Оқушының неліктен өзін өлімге қиғаны әзірге белгісіз. Белгілісі отбасында үш бала бар. Қыршыннан қиылған қыз үйдің кенжесі болған. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.

“Ұзынкөл ауданындағы 17 жастағы оқушының өз-өзіне қол салу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.105 баптың 3 бөлімімен.Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыр Әбенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары