05.06.2023, 13:00

Алматыда полицей әріптесіне абайсызда оқ атып, мерт қылды

Фото: gov.kz
Ол алған жарақат салдарынан қайтыс болған.

Алматыда полицей әріптесін абайсызда жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы департаменті 5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Ведомство бұл дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Тегтер: полиция оқ ату