$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Оқиғалар 07.06.2023 сағат 14:20

Атырауда мас жүргізуші үш баланы қағып, қашып кеткен

Жүргізуші 7 жылға дейін жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін.
Атырауда мас жүргізуші үш баланы қағып, қашып кеткен
Фото: Мой город / mgorod.kz

Атырауда мас жүргізуші үш баланы қағып, қашып кеткен , деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 5 маусымда сағат 21:00 шамасында Исатай ауданындағы Жанбай ауылында болған. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, полицейлерге ВАЗ 2114 маркалы көлігі Сейфуллин көшесінде үш баланы қағып, қашып кеткені туралы хабар түскен. Жедел-іздестіру шарасы басталған. 

Нәтижесінде тәртіп сақшылары 30 жастағы жүргізушіні ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Бірақ жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақатын алған 10 және 9 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді. 

Артынша жүргізуші жеңіл мас болғаны анықталды. Іс сотқа жіберілді. Енді жүргізуші 7 жылға дейін жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін. 

 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар