Қаратау ауданы Тұран-1 ықшам ауданынан мектеп оқушысының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусымда мал қарауға кетіп, оралмаған. Денесі таңғы сағат 4:50-де Новостроек көшесінен табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Дене жарақаты анықталмады. Жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
«Жасаөспірім – 15 жаста, №72 орта мектепте оқыды, инклюзивті білім алған. Мінез-құлқы жақсы, сабақтан қалмайтын. Бүгін мектепке келіп, емтихандар тапсыруы керек еді. Таңертең ата-анасына хабарласып, қайғылы хабарды естідік. Басы айналып құлап, басын қатты ұрып алған болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Отбасына қайғыра көңіл айтамыз»,- деді №72 мектеп директоры Бегмат Усманов.
Баланың неден көз жұмғанын сот-медициналық сараптама көрсететін болады.