12.06.2023, 14:40

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

Фото: polisia.kz
3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының Қызылорда облысы аумағындағы учаскесінде жол апатынан 3 адам көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Рolisia.kz. 

Мәліметке сәйкес, 11 маусым күні Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция ақпаратында.