13.06.2023, 09:40

Түркістан облысында 2-сынып бітірген бала суға батып мерт болды

Фото: pixabay
Әуелі ауыл шетіндегі канал жағасынан баланың киімдері табылған.

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауылдардың бірінде биыл 2-сыныпты бітірген бала суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйіне уақтылы оралмаған жеткіншекті іздеуге ата-анасымен бірге ауыл тұрғындары да жұмылған. Әуелі ауыл шетіндегі канал жағасынан баланың киімдері табылды. Ол онда шомылуға барған болуы мүмкін.

Көп ұзамай егістікке апаратын арықтан баланың денесі де табылған. Оқиғаға қатысты төтенше жағдайлар департаменті ешқандай ақпарат бермеген.

Жедел іздестіру жұмысына ТЖД-нің 13 жеке құрамы,1 жүзу құралы және 3 техникасы, ПД -нің 15 жеке құрамы мен 4 бірлік техникасы және 50 жергілікті тұрғын қатысты.