$ 443.37  474.49  4.83

Шымкент медресесінде балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)

«Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем», - дейді олар.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Шымкент қаласының медресесінде ұстаздар кәмелетке толмаған балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққаны жайлы видео тарады. Балалардың денесі көгерген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Құрметті азаматтар, тиісті мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері медресеге алып барып, оларды ұрған. «Хадистерді» білмеген үшін оларды ұрған», - дейді видеодағы азамат.

Видеодағы екі бала 9 және 7 жаста. Олар Шымкенттегі медресе үйде орналасқанын айтады.

«Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем», - дейді олар.

Екі баланың арқасы тілінген, гематомалары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары