Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Massaget.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Панфилов ауданында болды. Сарыөзек - Көктал тасжолының 99-шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан.
50 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал 45 жастағы жолаушы да қаза тапты. Зардап шеккен қалған 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды.